www.gnews.kz

Астана,

15.05.2024

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» деп аталатын жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды

01.01.2021

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» деп аталатын жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды

31.10.2023

Халықтың шамадан тыс кредиттелу проблемасын шешу тетіктерінің бірі, жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану болып табылады.

Бүгінгі күні, түрлі рәсімдерді көздейтін тиісті Заң қабылданған.

Оның ішінде неғұрлым сұранысқа ие болып отырғаны  - соттан тыс банкроттық рәсімі. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.

Азаматтар өтініштерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, электрондық үкімет порталы арқылы (eGov.kz.), сондай-ақ Е-salyq Аzamat немесе eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы бере алады, деп хабарлайды Қаржы министрлігі

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» деп аталатын жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды.  Бұл ақпараттық жүйе арқылы өтініш беру мүмкіндігін және өтініш берушінің тиісті критерийлерге сәйкестігін 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базалары арқылы автоматты түрде тексеруге болады, деп мәлімдеді Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов

Ағымдағы жылдың 3-ші наурызынан бастап 70 мың өтініш келіп түсті. Оның 80 пайыздан астамы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды (56,4 мың өтініш).

Негізгі себептері: жеке басында мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және  кредитормен борышты дұрыс реттемеу болып табылады.

Нәтижесінде, бүгінгі таңда 9 млрд. теңгеден астам борыш сомасына 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды.

Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін соттарға 1 200-ге жуық азамат жүгінген.

Дегенмен, жекелеген борышкерлер кейбір заңнамалық кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін кеңінен қолдана алмай отыр (кредитормен қарызды алдын-ала реттеу міндеттілігі, шетелге шығуға тыйым және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі кезінде ұзақ уақытқа төлем мерзімінің өтуіне байланысты). Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың дерекқорларындағы мәліметтердің өзектілігінің болмауына байланысты (дерекқорлардағы мәліметтердің толықтығы мен «тазалығы» үшін жауапты олардың иелері – мемлекеттік органдар болады) қолдана алмау фактілері де бар.

Осыған байланысты бүгінгі таңда заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:

  1. соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту (сондай-ақ уәкілетті органның лицензияларынан айырылған, оның ішінде таратылған қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қосу);
  2. азаматтарды соттан тыс банкроттықты қолдану туралы өтінішке қосымша құжаттарды қоса беру міндетінен босату (қажетті мәліметтерді тиісті ұйымдардың дерекқорынан алу жоспарлануда);
  3.  төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау (қолданыстағы нормаларға сәйкес тыйым жоспарды орындаудың барлық кезеңіне – 5 жылға белгіленген).

Әрине, банкроттыққа ұшырау барлық мәселені шешпейді.

Бұл, үмітсіз қарыздан құтылуға мүмкіндік беретін рәсімдердің белгілі салдары бар. Көбісі оларды жақсы біледі (несие алуға тыйым салу (5 жыл), қаржылық жағдайды бақылау (3 жыл) және т.б.).

Бұл ретте банкроттық процесін дұрыс жүруін тиісті түсіндіру жұмыстары оң ықпал етуде.

Атап айтқанда:

- Заңның негізгі ережелерін ақпараттық сүйемелдеу ұйымдастырылды;

- Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының сайттарында тиісті түсініктемелер орналастырылды (37 мың адамға кеңес берілді), 14-14 телефоны арқылы қызмет көрсету орталықтарында банкроттық бойынша кеңес алу мүмкіндігі туралы барлық азаматтарға СМС-хабарламалар жіберілді;

- мемлекеттік органдардың бөлімшелері, банктер, Халыққа қызмет көрсету және Халықты жұмыспен қамту орталықтары басшыларының қатысуымен азаматтардың банкроттық рәсімдерін қарастыру бойынша ұйымдасқан кеңестер өткізілуде;

- барлық өңірлердің тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылуда (халықты қамту 10 мыңнан астам адамды құрайды);

- сондай-ақ, Медиа-жоспар аясында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бүгінде алаяқтар құжаттарды рәсімдеу үшін делдалдық қызметтерді және ақшалай сыйақы үшін банкрот деп тануға көмек ұсынатын жағдайлар жиілеп кеткенін атап өткім келеді.

Естеріңізге сала кетейік, банкрот деп тану үшін соттан тыс тәртіпте тек электрондық өтініш беру керек.

Сіз 1414 нөміріне қоңырау шалу немесе https://t.me/SalyqBot Telegram чатқа жазу арқылы кеңес ала аласыз. Сондай-ақ, ХҚКО операторларына немесе Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жүгінуге болады, олар рәсімді қолдану тәртібіне тегін кеңес береді және түсіндіреді.

Банкроттық рәсімінен өту тәртібі туралы ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған, өтініш беру жөніндегі нұсқаулықты (сілтеме бойынша: ttps: / / youtu. be / zMiBHwvCGkg? si=WwKmCkdmuQOMHBWf) eGov.kz сайтынан да көруге болады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «Аманат» партиясы Қарызсыз қоғам" жобасын іске асырып азаматтарға кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, сондай-ақ банкроттық, жұмысқа орналасу және бизнесті жүргізу мәселелері бойынша жәрдемдесіп құқықтық көмек көрсетеді.

Осы орайда, банкроттық мәселесі бойынша кеңес алу үшін «Аманат» партиясының облыстық филиалдарына да жүгінуге болады.

news.kz

Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, Ақпарат және коммуникация министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Байланыс

Қазақстан Республикасы, Z05H9B0
г. Астана, Қонаев көшесі 4
Тел: +7 (701) 018-88-82

Email: info@gnews.kz
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитетінің №KZ90VPY00074069 куәлігі 21.07.2023 жылы берілген.
© 2021. Барлық құқықтар қорғалған.
Әзірлеуші Harris's Media
heartbookmarkmagnifier