www.gnews.kz

Астана,

13°
15.05.2024

40 МЫҢ ОҚУШЫҒА ТЕГІН НОУТБУК БЕРІЛЕДІ

01.01.2021

40 МЫҢ ОҚУШЫҒА ТЕГІН НОУТБУК БЕРІЛЕДІ

18.04.2023

EGOV.KZ

Белгілі болғандай, компьютерлер аз қамтылған отбасынан шыққан, 9 сыныпта оқитын оқушыларға тиесілі. Бұл жобаға алдағы жылы 41 мыңдай бала ілікпек. Ұсыныс бойынша, оған мына топтағы отбасында тәрибеленіп жатқан балалар қол жеткізе алады.

  • Атаулы көмек алушылар
  • Табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар
  • Жетім балалар
  • Төтенше жағдайға тап болған отбасылардың балалары
  • Өзге топтар

ӘСЕЛЬ СЕЙТҚАДЫРОВА, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ
"Қазіргі таңда министрлік Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрлігімен бірлесе отырып әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 9-ші сынып оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деп шештік. Сол осы мәселе бойынша қазіргі таңда ақпараттар жинақталып жатыр. Бүгінгі таңда оқу ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенетін болсақ, бүгінгі таңда 2023 жылға 41мың оқушылар санын құрайды"

Ал бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазіргі мәжіліс депутаты - Асхат Аймағамбетовтен пандемия кезінде оқушыларға берілген ноутбуктар жайлы сұрадық.Өздеріңізге белгілі, оны алу әрі қайтару мәселесі біраз ата-ананы әуре-сарсаңға салғаны бар

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ "Ковид кезінде бұл компьютерлер олар таратылған уақытша берілді, біздің мектептердің иелігінде, сондықтан егер мұқтаж ноутбуктар керек болса білім саласында оқуында беретін босла ештеме жоқ, мұны реттеу!"

Хош, министрлік тегін IT-кәсіпкерлік бағытындағы курстар енгізбек екен. Бағдарламаны толық аяқтаған оқушыға сертификат беріледі.

ӘСЕЛЬ СЕЙТҚАДЫРОВА, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ
"Иә, дұрыс айтасыз. Қазіргі таңда министрліктен тегін курстар қарастырылып жатыр. Яғни ол курстарды халықаралық АЙТИ стартаптар Астана ХАБы бізге ұсынып отыр, тегін курс ол. Арнайы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушыларға арналған тегін курстар. Ол курстарды бітіріп аяқтаған соң, соңында сертификат алады. Яғни ол сертификат болашақта оларға жұмысқа кіруіне көмектеседі". Жаңашылдық биылғы жылдың 1-ші қыркүйегінен басталады! Бұл туралы Цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин мәлімеді. "Бұл президенттің тапсырмасы, біз осы жылдың соңына дейін орындауға уәде береміз". Тағы бір маңызды тұсы, аталмыш гаджеттер оқушылардың өздеріне қалуы мүмкін.

news.kz

Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, Ақпарат және коммуникация министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Байланыс

Қазақстан Республикасы, Z05H9B0
г. Астана, Қонаев көшесі 4
Тел: +7 (701) 018-88-82

Email: info@gnews.kz
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитетінің №KZ90VPY00074069 куәлігі 21.07.2023 жылы берілген.
© 2021. Барлық құқықтар қорғалған.
Әзірлеуші Harris's Media
heartbookmarkmagnifier