www.gnews.kz

Астана,

15.05.2024

Балаларды желкесінен  ұруға тыйым салынуы мүмкін

01.01.2021

Балаларды желкесінен  ұруға тыйым салынуы мүмкін

19.05.2023

Ата-аналарға балаларды желкесінен  ұруға, оларға қол көтеруге заң жүзінде тыйым салу қажет! Орталық коммуникациялар қызметінде өткне брифингте Біріккен ұлттар ұйымы Балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, балаларға дене жарақатын салудың алдын алу үшін 65 мемлекет заңға түзетулер енгізген. Алдағы уақытта оған 27 ел қосылады деп жоспарлануда. Ал Қазақстанда осыған қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.

АРТУР ВАН ДИЗЕ,  БҰҰ БАЛАЛАР ҚОРЫНЫҢ  ӨКІЛІ: «Балаға қол көтерудің салдары  мен зияны орасан зор. «Мені де ата-анам ұрып тәрбиеледі, мен де перзентімді осылай тәрбиелеймін» деген пайымнан қашу керек. Баланы дауыс көтермей, ұрып-соқпай өсіруге болады. Осыны ата-аналарға түсіндіріп, ұғындыруымыз керек. Біздің міндетіміз  балаларға қол көтеруге  жол бермеу»

Бұдан бөлек, ЮНИСЕФ өкілі  балалардың құқығын қорғайтын тәуелсіз орган құру қажеттігін алға тартты. Айта кетейін, балалар өз құқықтары бұзылған жағдайда Біріккен ұлттар ұйымына шағымдана алады. Ішкі істер министрліні соңғы 10 жылда балаларға қарсы қылмыс 70 пайызға төмендеген дейді. Ал 2021 жылы кәмелет жасқа толмағандарға қарсы  956 зорлық-зомбылық фактісі тіркеліпті.

news.kz

Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, Ақпарат және коммуникация министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Байланыс

Қазақстан Республикасы, Z05H9B0
г. Астана, Қонаев көшесі 4
Тел: +7 (701) 018-88-82

Email: info@gnews.kz
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитетінің №KZ90VPY00074069 куәлігі 21.07.2023 жылы берілген.
© 2021. Барлық құқықтар қорғалған.
Әзірлеуші Harris's Media
heartbookmarkmagnifier