www.gnews.kz

Астана,

15°
29.04.2024

Кім көп: Әйелдер ме, ерлер ме?

01.01.2021

Кім көп: Әйелдер ме, ерлер ме?

30.10.2023

Қазақстанда әйелдер ерлерден басым. Әңгіме мыс пен мықтылық жайлы емес, сан жайында. Қазіргі таңда елімізде 9 млн 300 мыңнан астам ер азамат тұрады. Ал қыз-келіншектерге келер болсақ, олардың саны - 9 млн 800-ден асып жығылады. Яғни,  1000 әйелге 946 ер адамнан келеді екен. Баяғы "бір еркекке жеті қыздан деген әңгіме" бос сөз боп қалды. Мұндай деректі 2021-ші жылғы халық санағаның әр тармақ бойынша нақты қорытындысын жариялаған  Ұлттық статистика бюросы келтірді. Ведомство мәліметінше, Түркістан мен Қызылорда облыстарында ғана еркектер көп. Ал қалған аймақтарда нәзік жандардың қарасы басым. Назар аудартатын тағы бір жайт, соңғы жылдары 15 пен 25 жас аралығындағы жастар азайыпты. Оған себеп, 1980-ші жылдардың екінші жартысында туу көрсеткішінің тым жоғары болуы. Сол кезеңде өмірге келгендер 2009 жылы санақта жастар санатында кіріп, рекордтық көрсеткіш тіркелген екен.

Дереккөз: Еуразия Бірінші арнасы

news.kz

Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, Ақпарат және коммуникация министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Байланыс

Қазақстан Республикасы, Z05H9B0
г. Астана, Қонаев көшесі 4
Тел: +7 (701) 018-88-82

Email: info@gnews.kz
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитетінің №KZ90VPY00074069 куәлігі 21.07.2023 жылы берілген.
© 2021. Барлық құқықтар қорғалған.
Әзірлеуші Harris's Media
heartbookmarkmagnifier