www.gnews.kz

Астана,

15.05.2024

Неке қию алдында арнайы курстан өтесіз

01.01.2021

Неке қию алдында арнайы курстан өтесіз

18.10.2023

Елімізде ажырасудың негізгі себептері белгілі болды. Ең біріншісі - ішкілік пен нашақорлық. Екіншісі - лудомания, яғни құмар ойындардың құлы болу. Сонымен қатар, отбасылық жанжал, зорлық-зомбылық та ат құйрығын кестіретін кесір. Ерлі-зайыптылардың опасыздығы мен мінездерінің сәйкес келмеуі де серттескен сүйіктілерді айырады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отбасы саясатын нығайту бойынша ауқымды шаралар қолға алынғанын айтты. Бүгінде елімізде 156 әлеуметтік жоба іске қосылған. Ол үшін 470 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініпті.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ: «Сонымен қатар, жыл соңына дейін «Бақытты қазақстандық отбасы» интерактивті нұсқаулығы әзірленеді. Некеге тұратын жұптардың отбасылық дәстүрлері мен рухани-адамгершілік құндылықтары туралы ақпараттар «Электрондық үкімет» жүйесінде бейнеролик түрінде көрсетіледі.Некеге тұруға онлайн өтініш берген азаматтар осы нұсқаулықпен міндетті түрде танысып шығуы тиіс».

Үйленейін деп жүргендердің назарына. Бұдан былай неке қимас бұрын арнайы нұсқаулықпен танысу міндеттеледі. Үкіметте өткен жиында министр Бірккен Ұлттар ұйымы Халық қорымен бірлесіп, Астана мен Шымкент қалаларында пилоттық жоба іске қосылғанын жеткізді. Яғни, отбасын жоспарлау, психология, репродуктивті денсаулық, ортақ бюджетті жоспарлау және басқа да маңызды мәселелер бойынша ролик көрсетіп, тегін кеңес береді. Тіпті оқыту қарастырылған. Егер де жаңашылдық сәтті өтсе, бұл тәжірибе барлық өңірге енгізіледі деді министр.

news.kz

Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, Ақпарат және коммуникация министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Байланыс

Қазақстан Республикасы, Z05H9B0
г. Астана, Қонаев көшесі 4
Тел: +7 (701) 018-88-82

Email: info@gnews.kz
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитетінің №KZ90VPY00074069 куәлігі 21.07.2023 жылы берілген.
© 2021. Барлық құқықтар қорғалған.
Әзірлеуші Harris's Media
heartbookmarkmagnifier